эссе Азат Фариза мпк-303

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы

Тақырыбы: (Эссе) Адам құқықтарын қорғаудағы аумақтық жүйелердің(Еуропалық, Америкааралық, Африкалық) салыстырмалы анализі

Орындаған: Азат Фариза

МП(к)-303

Тексерген: Алдиярова А.Е.

Астана, 2013

Жоспары

Кіріспе

Адам құқықтарын қорғаудағы аумақтық жүйелердің негізгі құжаттарын салыстыру кестесі

Негізгі бөлім

Адам құқықтарын қорғаудағы аумақтық жүйелердің ерекшелігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

I.

[1]

II.

Африкалық жүйенің ерекшелігі

Африкалық Хартияның ерекшелігі – континенттік саяси шыңдықтары мен африка халқының тарихи дәстүрін және африка өркениетінің құндылығын көрсетеді. Хартияның айрықша белгісі оның бір уақытта халықралық құқықтағы адам құқықтары саласындағы тұжырымдамалық жаңартуды (новация) ұсынуы, яғни :

адам құқықтарымен қоса халықтар құқығын мойындауы («үшінші ұрпақ» адам құқықтары «третье поколение» прав человека);

адам құқықтарының бөлінбеуін мойындау, осы ұғымда Хартия адамның саяси, азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары деп түсіндіреді;

адам құқықғы ретінде дамуға құқықты мойындау;

адамның отбасымен, қауыммен, қоғаммен, мемлекетпен және заңи мойындалған халықаралық құрылымдар мен қауымдастықпен қарым-қатынасына қойылатын негізгі міндеттемелер қатарын жариялау;

адам құқықтарына тиісті айқын көрсетілген ұжымдық(отбасы, қауым, халық) амал-тәсіл.

Жеке тұлға Хартия концепциясына сай, қауым мүдделеріне басымшылдық беру керек. Жауап ретінде қауым өз мүшелерінің құқықтарын қорғауды мойнына міндеттеме ретінде алады.

Адам құқықтары мен халықтар құқығының Африкалық Хартиясының Еуропалық конвенциядан айырмашылығы Хартияда көрсетілген адам құқықтарының қорғаудың «әлсіз» механизімінде. Хартия бойынша бақылаушы жалғыз органы болып адам және халықтар құқығының Африкалық Комиссиясы табылады. [2]

Америкааралық жүйенің ерекшелігі

Адам құқықтарын қорғаудың Америкааралық жүйенің функциялану негізін бірден үш құжат құрайды: Америкалық мемлекеттер ұйымының Жарғысы, Адам құқықтар мен міндеттемелерінің Америкалық Декларациясы, Адам құқықтарының Америкааралық Конвенциясы. Алайда бірінші құжатта мына қағида мазмұндалады, «америкалық мемлекеттер адамның жеке тұлға ретінде негізгі құқықтарын нәсілі, ұлты, діні, жынысына қарамай жариялайды». Қалған екі құжат толықтай адам құқықтарын қорғау мен ынталандыруға арналған.

Адам құқықтары мен міндеттемелерінің Америкалық Декларациясының маңызды белгісі – бұл құжат 1948 жылғы Адам құқықтарының Жалпыға ортақ Декларациясынан алты ай бұрын қабылданды. Сондықтан да Америкалық Декларация адамның азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтарын жариялаған бірінші халықаралық құжат.

Америкааралық конвенцияда айтылатын құқықтар мен бостандықтар халықаралық пакттермен өте ұқсас. Ал, Еуропалық конвенциямен салыстыратын болсақ тізімі әлдеқайда кеңейтілген: есімге деген құқық,

бала құқығы, азаматтық алуға және ұлтын белгілеуге деген құқық, заң алдында теңдік құқығы және баспана құқығы және т.б.

Бақылау механизмі Комиссия мен Сотқа берілген.

Адам құқықтарының Америкаралық Соты – автономдық соттық орган болып табылады. Америкааралық конвенцияны қолдану мен түсіндіру функцияларына ие. Істі сотқа өткізу құқығы Америкааралық Комиссия мен Конвенцияға қатысушы мемлекетке ғана берілген.

Америкааралық Сот Конвенция қағидасы мен америка континентіндегі мемлекеттердің адам құқықтарын қорғаудағы қабылдаған өзге де келісімдерін түсіндірудегі консультативтік юрисдикцияға ие. [3]

Адам құқықтарының Еуропалық Конвенциясының ерекшелігі

Еуропалық конвенция азаматтық жән саяси құқықтарға көбірек назар аударады. Конвенция өмір сүруге деген құқықты, бостандық, адамның қауіпсіздігі, жеке өмірге қол сұғылмаушылық, дін мен ар-ожданға бостандық, бейбіт жиналыстар мен ассоциациялар, әділ сот төрелігі деген құқықтарды қорғайды. Конвенция қағидасы барлық тұлғаларға және қол қойған мемлекеттің юрисдикциясында жүрген ол елдің азаматы емес тұлғасына да қолданылады.

Адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етудегі Конвенция белгіленген минималды стандартты орындаудың механизмі құрылды.

Уақыт аралығанда конвенция дамып, толықтырылып отырды. Қатысушы-мемлекеттер конвенцияға қосымша 11 Протокол қабылдады. Протоколдарда: өлім жазасын жою, өз мүлкімен бейбңт пайдалану құқығы, құрылымдарға деген құқық, ерікті сайлау құқығы, азаматтарды қууды тоқтату және т.б.

Еуропалық жүйеде индивидке халықаралық құқықтың субъектісі деген статус берілді.

Еуропалық конвенция жеке және мемлекет аралық шағымдарды қарастыруға рұқсат береді.

Еуропалық Сот конвенцияда бекітілген құқықтардың орындалуына кепілдіктер тудырады. [4]

III. Қорытындылай келе, адам құқықтарын қорғаудың аумақтық жүйелері, БҰҰ жүйесіне қарағанда, қорғаудың нақтырақ шеңберін ұсынады. Мұндай жүйелер стандарттарды сақтауда жергілікті спецификаны және амал –тәсілдерді ескере отырып қарқынды күшпен өзара әрекет етеді.

Америкааралық соттың шығарған шешімдері мен қорытындыларының аздығы америкаралық жүйенің бақылау органдары қызметінің эффективті еместігін көрсетеді. Бұл жүйенің эффективті болмауы Еуропалық Конвенция элементтерінің көптеп көрініс табуында.

Африкалық Хартия адам құқықтарының «үшінші ұрпағын» бекітетін қазіргі таңдағы жалғыз халықаралық көпжақты келісім.

Қазыіргі кезде, Еуропалық жүйе өзге жүйелермен салыстрығанда ең дамыған жүйе болып табылады. Адам құқықтарының Еуропалық Соты мықты юридикалық жүйе құруға өз септігін тигізді.

Аумақтық жүйелерді біріктіретін бір мәселе- адам құқығы. Оның құқықты қамтамасыз етудегі дамуы және қорғалынуы.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер:

Томас Бюргенталь «Халықаралық адам құқықтары»

www1.umn.edu/humanrts Университет Миннесоты Библиотека по Правам Человека «Африканская система защита прав человека»

www1.umn.edu/humanrts Университет Миннесоты Библиотека по Правам Человека «Межамериканская система защиты прав человека»

www1.umn.edu/humanrts Университет Миннесоты Библиотека по Правам Человека «Европейская региональная система защиты прав и свобод человека»