Шешендік нер


Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Шешендік өнер»

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Тасбауова А.Е.

Астана қаласы

Тақырыбы: Шешендік өнер

Мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың өтілетін тақырып арқылы тілін

дамыту, тіл байлығын жетілдіру.

Дамытушылық: Балалардың өз пікірлерін ортаға салу, ой қорытындысын жасау қабілетін дамыту, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Шешендік өнер, шешендік сөздер арқылы халқымыздың әдеби бай мұрасын, дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қазақ халқының шешен-билерінің суреттері.

Шешендік сөздер мен мақал-мәтелдердің слайдтары.

Сабақ түрі: Сайыс сабағы арқылы тіл ұстарту.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, шешендік сөздер мен

мақал-мәтелдер сайысы.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. а) Сәлемдесу

ә) Әнұранмен сабақты бастау

б) Кезекші арқылы оқушыларды

түгелдеу.

ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрап тексеру.

98 беттегі сұрақтарына жауап беру.

Сабақтас-құрмалас сөйлемнің ережесін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кіріспе:

Мұғалім:

Балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы шешендік өнер болғандықтан, қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері, шешендік сөздердің түрлері, шещен-билердің өмірі мен шығармашылығын оқып үйренеміз. Сондықтан бүгін біз сайыс сабағы арқылы өз білімдерімізді әрі қарай жетілдіріп, сұрақ-жауап арқылы ауызекі сөйлеуге дағдыланамыз.

Сұрақ-жауап арқылы тақырыпты ашу:

– Шешендік өнер дегеніміз не?

Шешендік өнер дегеніміз жалпы тіл өнерінің шығуымен, қалыптасуы.

– Шешендік өнердің пайда болуы неге байланысты?

Шешендік өнердің пайда болуы, адам қоғамының пайда болуына байланысты.

– Шешендік өнер туралы ғылымды халықаралық тілде қалай

атайды.

Шешендік өнер туралы ғалымды халықаралық тілде риторика деп атайды.

– Риторика ғылымының негізі тарихта елден басталған?

Риторика ғылымының негізгі тарихы ежелгі Греция мен Рим империясынан басталған.

– Оның алғашқы негізін салушы кім болған?

Оның алғашқы негізін салушы грек, софист Протагор болған.

– Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға кімдерді

аламыз?

Қазақ риторикасын сөз еткенде алдымен ауызға аларымыз әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқариді аламыз.

– Кейінгі дәуірде риториканы сөз еткенде кімдерді атауға болады?

Кейінгі дәуірде Әйтеке би, Төле би, Қазыбек билерді атауға болады.

Қазақ шешендік өнерінің ерекшеліктері.

Біріншіден, қазақ шешендерінің сөздері қағазда емес, ауызда халық жадында

сақталған. Сондықтан, олар сол бастапқы қалпында емес, ұрпақтан – ұрпаққа көшіп, өңдеуге көп ұшыраған.

Екіншіден, шешендердің сөздері бүкіл қазақ еліне тарағандықтан, өзгеріспен әр жерде әр түрлі адамның атынан айтылатындығы. Демек, шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанымен, оны кейін өндеген де, сақтаған да халық болды, сондықтан оның авторы да – халық.

Шешендік сөздердің түрлері.

а) Жаңа сөздермен жұмыс. нақыл – изречение, назидание

арнау – посвящение мысал – басня

толғау – размышление заттық – вещественный

дау – спор рухани – духовный

сын – критика әдет – обычай

әзіл – шутка құндылық – ценность

бата – пожелание тапқырлық – находчивый

Шешендік сөздердің түрлері

ә)

Шешендік арнау Шешендік толғау Шешендік дау

сәлем

сын

Шешендік арнау – бір адамға арнайы айтылған әзіл

бата

шешендік нақыл

шешендік мақал

Шешендік талғау шешендік мысал

шешендік жұмбақ

шешендік жауап

заттық Мәселелерді реттейтін

Шешендік дау әдет заңы

рухани

Шешенді сөздердің шындығы

құндылығы тапқырлығы

б) Осы берілген сызба бойынша әңгіме құрап айтындар.

Мұғалім: Қазақ халқының атақты шешен-билерімен танысайық.

Төле би 1663-1756

Қазіргі Жамбыл обылысындағы Шу өзенінің жағасында,

Жайсаң жайлауында дүниеге келген, 1756 жылы Шымкент облысы, Ленгір ауданының Ақбұрхан деген жерде қайтыс болған. Қазақтың қоғам қайраткері, атағы жер жарған шешен, Ұлы жүздің бас биі, «Жеті жарғыны» жасаушылардың бірі. Құдайберді әулетінің өкілі болып табылатын Әлібекұлы Төле биге дейін ешкімде би де, бай да болмаған. Төле бидің ата-бабалары қарапайым шаруалар екен.

Қазыбек би 1667-1763

Қазақтың атақты биі. Қазақ жүздерін басқаруды реттеу ниетімен Тәуке хан Ұлы жүздің биі етіп Төле биді, Кіші жүзге Әйтеке биді, Орта жүзге Қазыбек биді тағайындайды. Халық ауыз әдебиетінде сақталып қалған аңыздар мен кейбір архивтік мәліметтер бойынша, Қазыбек би Келдібекұлы «Тәуке хан заңдарының жинағын» өңдеуге қатысқан.

Әйтеке би 1689-1766

Әйтеке Байбекұлы – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілхайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың немересі. Бұл би де Тәуке ханның ұлы заңы «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан.

Мұғалім: Міне, балалар, біз үш бидің өмірімен қысқаша танысып шықтық.

Ал енді сол билер айтқан шешендік сөздер жатқа айтайық:

1 оқушы: Төле би сөзі:

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы.

Балаң жақсы болса,

Жан мен тәннің шырағы.

2 оқушы: Қазыбек би сөзі:

Тату болса – ағайын жақын,

Ақылды болса – апайың жақын.

Бауырмал болса – інің жақын.

Сыйлас болса нағашың жақын.

3 оқушы: Әйтеке би сөзі:

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын,

Шанышқыласа сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаса серт қиын.

Мұғалім: Сөз өнері, тіл мәдениеті.

Ана тілін ардақтау, тілді құрмет тұту, талғампаздықпен жұмсау, үздіксіз үйреніп отыру, тілдік амал-тәсілдерді, қарым-қатынас мақсатына қолдану (теңеу, метафора, салыстыру, эпитет). Міне, егер осы талаптар болса, сөз шешендікке жалғасады.

Ұлағатты сөздер сайысы.

Жақсы сөйлеу – жай ғана естіртіп жақсы ойлау деген сөз. (Э. Ренан).

Сөз өнері, сөз жоқ, ардың ісі. (М. Шолохов).

Адам сөзді шындай білген жағдайда ғана шешен болады. (Қайқауыс).

Тіл неғұрлым қарапайым болса, ол соғұрлым тартымды, көркем болады, соғұрлым жақсы ұғына аласын. (М. Горький).

Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес. (М. Әуезов).

Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің салт санасының белгісі.

(Б. Момышұлы).

ІV. 6. Мұғалім: Сабақты қорыта отырып, сендердің алған білімдерінді тексеру мақсатында «Вен» диаграммасымен жұмыс жасаймыз.

Төле би

Қазыбек би Шешен, би, қоғам Әйтеке би

қайраткері, «Жеті

жарғы» заңын

жазған, қазақ

V. Үйге тапсырма 1) Билер туралы қысқаша әңгіме бойынша түсінік

2) Шешен – билердің сөздерін жаттау.

VI. Бағалау.